22.12.2022 ж.
Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (сілтеме)
Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі (сілтеме)
Сыбайлас - жемқорлық деген не?
Тақырыбыы: Сыбайлас - жемқорлық деген не?
Мақсаты:
1.“Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыбайлас - жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
2. Ойын – Орындық
Шарты: 5 - бала, 4 - орындық. Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан шығады. Алдын ала 1 - баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей қалады, бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып, ақша ұсынады 100 теңге. Ойын жүргізуші, 100 теңге аз 200 теңге дейді. Сөйтіп осы ойынның соңыны жеңіске жетеді.
Мұғалім:- Ойын ұнады ма|?
- Неліктен ұнамады?
- Ойын кезінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Неге бұл оқушы ойында қалды?
- Ол не істеді?
3. Мұғалім: Сыбайлас - жемқорлық деген не?
“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
4. Сыбайлас - жемқорлықты қалай жоюға болады?
1. Пара бермеу және алмау.
2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
5. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер.
1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4. Адалдық — ардың ісі.
5. ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7. Ақиқат сөзде алалық жоқ.
8. Әділ айтқан жеңер.
9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
6. Сабақты қорытындылау: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.
Мұғалім: Жанахметова А.Т.
- Антикоррупционная политика
- Ұлы даланың жеті қыры
- Мектеп тарихы
- Жетістіктері
- «Еркетай» шағын орталығы
- Самооценка
- Социальная психологическая служба
- Сенім жәшігі
- Көңілді жас-2019
- Мемлекеттік қызметтер
- Адал Ұрпақ
- Воспитательная работа
- Аттестация учителей
- Методическая работа
- Профсоюзная организация
- Читающая школа
- Достижения учителей