24.01.2023 ж.
Бүгін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» іс-шараларының жоспарына сәйкес Мерген негізгі мектебінде медицина қызметкері 5-9 сынып оқушыларымен « инфекциялар және вирустық инфекциялар» тақырыбында әңгіме өткізді.
17.01.2023 ж.
Бүгін Адал ұрпақ бағдарламасы аясында 7-9 сынып оқушыларымен "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: "Сыбайлас - жемқорлық" деген ұғымды түсіндіру. Өз көзқарасын білдіру. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
14.01.2023 ж.
Бүгін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» іс-шараларының жоспарына сәйкес Мерген негізгі мектебінде медицина қызметкері инфекциялар және вирустық инфекциялар тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.
27.09.2022 ж.
Адал ұрпақ» ерікті клубының жоспарына сәйкес және оқушыларға рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру аясында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Басшы сайлауы» атты рөлдік ойын өткізілді. 3-сыныпта ойын түрінде оқушылар сайлау процесінің ұғымдарымен және кезеңдерімен танысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша сынып басшысы болып 3-сынып оқушысы Окунев Владимир сайланды.
29.09.2022 ж.
«Адал Ұрпақ» жоспары бойынша 5-6-сыныптарда «Сынып басшысын сайлау» атты рөлдік ойын өткізілді.
Мақсаты: азаматтық-патриоттық тәрбие, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 5-сынып жетекшісі болып Богдан Тимофеев сайланды. 6-сынып жетекшісі Қалиакбаров Нұрасыл.
01.12.2022 ж.
«Адал ұрпақ» жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жоспарына сәйкес Мерген негізгі мектебінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы өтті.