Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған онкүндіктің іс-шаралар жоспары аясында 5-9 сынып оқушылары «ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» құқықтық квестке қатысты.
Мақсаты: оқушылардың азаматтық ұстанымын, құқықтық және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты:
- әр оқушыны белсенді танымдық үдеріске тарту, әртүрлі проблемалық ойын жағдайларына баулу арқылы танымдық және зерттеушілік әрекеттерді ынталандыру;
- әр түрлі білім беру бағыттарының мазмұнының интеграциясын қамтамасыз ету: әлеуметтік-коммуникативтік, танымдық, сөйлеу, көркемдік-эстетикалық және дене дамуы
- - ортақ мәселелерді бірлесіп шешу арқылы балалардың құқықтық және әлеуметтік-коммуникативтік қасиеттерін дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- оқушылардың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу, балалардың интеллектуалдық және тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету - әлеуметтік тегіне қарамастан басқа адамның қадір-қасиеті мен жеке құқықтарын құрметтеуді дамыту;нәсілі мен ұлты, тілі, жынысы, жасы.
Біз әлеуметтік желілердеміз