«Бала құқықтары туралы»
20 қараша күні Мерген негізгі мектебіндеде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Балалар «Бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес өз құқықтары мен міндеттерін жан-жақты зерттеп, Бала құқықтары туралы конвенциямен танысып, олардың жасалған уақыты туралы білді. Олар пікірталасқа қатысып, сұрақтарға жауап беріп, құқықтары мен міндеттеріне байланысты мысалдар келтірді.Балалар «Шын немесе жалған» ойынының арқасында қажетті құқықтық білім ғана емес, сонымен қатар жағымды эмоциялар алды.
Дата публикации: 20.11.2024